Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2007 ЖЫЛҒЫ 1 МАУСЫМДАҒЫ № 448 ҚАУЛЫСЫ

Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін айқындау ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 1 маусымдағы № 448 Қаулысы

 

Осы редакция 2013 жылғы 22 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 16-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін айқындау ережесі бекітілсін.

2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2007 жылғы 1 маусымдағы

№ 448 қаулысымен

бекітілген

 

 

Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін айқындау

 ережесі

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін айқындау ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексіне сәйкес әзірленді және қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін белгілеу тәртібін айқындайды.

2. Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштері осы өңірлер мен аумақтар үшін белгілі бір уақыт бойына қоршаған ортаның талап етілетін сапасына қол жеткізудің тәртібін анықтау қажет болған жағдайларда жекелеген аумақтар үшін белгіленеді.

3. Мыналар қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін әзірлеу үшін негіз болып табылады:

1) өңірдегі экологиялық ахуалды талдау;

2) өндірістік күштерді едәуір өзгерту перспективалары;

3) қоршаған ортаның сапасына қойылатын қосымша талаптары бар рекреациялық аймақтарды, ауыл шаруашылығы объектілерін қалыптастыру жөніндегі жоспарлар;

4) қоршаған орта объектілеріндегі аялық шоғырланулардың қоршаған орта сапасының қабылданған нормативтерінен асып түсуі туралы ақпарат.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку