(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2012.27.08 № 1087 ҚАУЛЫСЫ
Орман қорын мемлекеттік есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 тамыздағы № 1087 Қаулысы
Осы редакция 2013 жылғы 18 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 12-бабының 17-12) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Орман қорын мемлекеттік есепке алуды жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Мыналардың:
1) «Орман қорының мемлекеттік есебін жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 қарашадағы № 1182 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 44, 482-құжат);
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 қыркүйектегі № 1002 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 1-тармағының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 53, 746-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2012 жылғы 27 тамыздағы
№ 1087 қаулысымен
бекітілген
Орман қорын мемлекеттік есепке алуды жүргізу
қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 12-бабының 17-12) тармақшасына сәйкес әзірленді және орман қорын мемлекеттік есепке алуды жүргізу тәртібін айқындайды (бұдан әрі - Қағидалар).
Редакция документа
Демо – версия документа