(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2013.25.02 № 172 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің мәселелері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 25 ақпандағы № 172 Қаулысы
Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы» 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы» 2013 жылғы 16 қаңтардағы № 466 Жарлықтарын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті;
2) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті;
3) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Су ресурстары комитеті болып;
4) осы қаулыға қосымшаға сәйкес мемлекеттік заңды тұлғалар қайта аталсын.
2. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі туралы ереже;
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
3. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
С. Ахметов |
Үкіметінің
2013 жылғы 25 ақпандағы
№ 172 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі туралы
ереже
1. Жалпы ережелер
Редакция документа
Демо – версия документа