(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2012.16.05 № 626 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің «Ақпараттық-тұсаукесер орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 мамырдағы № 626 Қаулысы
Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің «Ақпараттық-тұсаукесер орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз үлеспен қатысатын «Дара қызмет» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (бұдан әрі - серіктестік) қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Серіктестік қызметінің негізгі мәні:
1) «Transport Tower» әкімшілік-технологиялық кешені» ғимаратын пайдалану;
2) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігіне көлік қызметін көрсету болып белгіленсін.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) серіктестік жарғысын бекітуді;
2) серіктестіктің Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
3) серіктестіктің мемлекеттік тіркелген күнінен бастап бір ай мерзімде жарғылық капиталына мемлекеттің қатысу үлесін Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігіне иелікке және пайдалануға беруді;
4) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күніне бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2012 жылғы 16 мамырдағы
№ 626 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін
өзгерістер мен толықтырулар
Редакция документа
Демо – версия документа