(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2011.11.03 № 246 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 наурыздағы № 246 Қаулысы
Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Премьер |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2011 жылғы 11 наурыздағы
№ 246 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін
өзгерістер мен толықтырулар
1. «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде:
«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі» деген бөлімде:
реттік нөмірі 470-184-жол алынып тасталсын;
«Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Өнеркәсіп комитеті» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 529-3-жолмен толықтырылсын:
«529-3 Қазақстан Республикасы
Индустрия және жаңа технологиялар
министрлігі Өнеркәсіп комитетінің
«Ұлттық технологиялық болжау
орталығы» шаруашылық жүргізу
құқығындағы республикалық
мемлекеттік кәсіпорны Алматы қаласы».
Редакция документа
Демо – версия документа