(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2009.04.12 № 2017 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Республикалық ақпараттық талдау орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнын құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 4 желтоқсандағы № 2017 Қаулысы
Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 13 қыркүйектегі № 1438 Жарлығын орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың коммуналдық меншігінен берілетін мемлекеттік кәсіпорындар мүліктік кешендер ретінде заңнамада белгіленген тәртіппен республикалық меншікке қабылдансын және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қарамағына берілсін.
2. Осы қаулыға қосымшада көрсетілген мемлекеттік кәсіпорындар оларды Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Республикалық ақпараттық талдау орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнына (бұдан әрі - кәсіпорын) біріктіру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
3. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі кәсіпорынды мемлекеттік басқару органы;
2) кәсіпорын қызметінің негізгі мәні денсаулық сақтау саласындағы өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру болып белгіленсін.
4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен және облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың әкімдіктерімен бірлесіп, осы қаулының 1-тармағынан туындайтын шараларды қабылдасын;
2) осы қаулыны іске асыру жөніндегі өзге де шараларды қабылдасын.
5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін:
Редакция документа
Демо – версия документа