(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2008 ЖЫЛҒЫ 7 МАМЫРДАҒЫ № 429 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 мамырдағы № 429 Қаулысы
(2012.15.10. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Өнеркәсіп және ғылыми-техникалық дамыту комитеті және Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Экспорттық бақылау және лицензиялау комитеті Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Өнеркәсіп комитеті болып бірігуі жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің аумақтық бөлімшелері - мемлекеттік мекемелері осы қаулыға қосымшаға сәйкес қайта аталсын.
3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
4. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2008 жылғы 7 мамырдағы
№ 429 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің қайта аталатын аумақтық бөлімшелері - мемлекеттік мекемелерінің
тізбесі
1. «Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Ақмола облысы бойынша басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті» мемлекеттік мекемесіне.
Редакция документа
Демо – версия документа