Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2008 ЖЫЛҒЫ 3 СӘУІРДЕГІ № 317 ҚАУЛЫСЫ

Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Құрылыс және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық істері комитетінің «Суарнажоба» Қазақ мемлекеттік ғылыми-зерттеу және жобалау-іздестіру институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 3 сәуірдегі № 317 Қаулысы

 

Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Құрылыс және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық істері комитетінің «Суарнажоба» Қазақ мемлекеттік ғылыми-зерттеу және жобалау-іздестіру институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Қазақ Суарнажоба» акционерлік қоғамына (бұдан әрі - қоғам) қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.

2. Қоғам қызметінің негізгі мәні елді мекендер мен өнеркәсіптік кәсіпорындар үшін сумен жабдықтау, кәріз және онымен байланысты гидротехникалық құрылыстар жүйелерін инженерлік жобалау жөніндегі қызметті жүзеге асыру болып айқындалсын.

3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) қоғамның жарғысын бекітуді;

2) қоғамның Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

3) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетіне қоғам акцияларының мемлекеттік пакетіне иелік ету және пайдалану құқығын беруді;

4) осы қаулыны іске асыру бойынша өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.

4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку