(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2007.24.07 № 624 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ақмола қаржы-экономикалық колледжі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 24 шілдедегі № 624 Қаулысы
(2008.24.04. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Кәсіби қызмет саласындағы қаржы жүйесі органдарының мамандарын даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Ақмола қаржы-экономикалық колледжі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Қаржы жүйесі органдарының мамандарын даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру орталығы» акционерлік қоғамына (бұдан әрі - қоғам) қайта құрылу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Қоғам қызметінің негізгі мәні қаржы жүйесі органдарының мамандарын қайта даярлау және біліктілігін арттыру болып белгіленсін.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) қоғам жарғысын бекітуді;
2) қоғамның Қазақстан Республикасы әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
3) қоғам акцияларының мемлекеттік пакетіне иелік ету және оны пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне беруді;
4) осы қаулыны іске асыру жөніндегі өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2007 жылғы 24 шілдедегі
№ 624 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
Редакция документа
Демо – версия документа