«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2013 жылғы 6 тамыздағы № 132-ө өкімі (2013.22.11. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2013 жылғы 6 тамыздағы № 132-ө өкімі
(2013.22.11. берілген өзгерістермен)
1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен Астана қаласының әкімдігі:
1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;
2) тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.
Премьер-Министр | С. Ахметов |
ҚР Премьер-Министрінің 2013.22.11. № 184-ө Өкімімен тізбе өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2013 жылғы 6 тамыздағы
№ 132-ө өкімімен
бекітілген
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының
Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің
тізбесі
Р/с № | Нормативтік құқықтық актінің атауы | Актінің нысаны | Орындауға жауапты мемлекеттік органдар | Орындау мерзімі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1. | Метрополитенмен жолаушыларды тасымалдау қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ККМ, Алматы қ. әкімдігі | 2013 жылғы қыркүйек |
2. | Теміржол вокзалдары қызметінің кейбір мәселелері туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ККМ | 2013 жылғы қыркүйек |
Демо – версия документа