(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2006.29.03 № 211 ҚАУЛЫСЫ
Кейбір объектілерді республикалық меншіктен Алматы қаласының коммуналдық меншігіне беру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 наурыздағы № 211 Қаулысы
(2006.13.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2006.13.06. № 544 қаулысымен тақырыб өзгертілді (бұр.ред.қара)
«Мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екінші түріне беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 қаңтардағы № 81 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Үкіметінің 2006.13.06. № 544 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің «Республика сарайы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны мүліктік кешен ретінде және Алматы қаласы, Достық даңғылы, 114 мекен-жайында орналасқан Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының ғимараты Алматы қаласының коммуналдық меншігіне берілсін.
ҚР Үкіметінің 2006.13.06. № 544 қаулысымен 1-1-тармақпен толықтырылды
1-1. Алматы қаласы әкімінің республикалық меншіктен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының теңгерімінен Алматы қаласы, Достық даңғылы, 114 мекен-жайында орналасқан ғимаратты және қосымшаға сәйкес мүлікті Алматы қаласының коммуналдық меншігіне беру туралы ұсынысы қабылдансын.
ҚР Үкіметінің 2006.13.06. № 544 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
Редакция документа
Демо – версия документа