(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2006.29.03 № 211 ҚАУЛЫСЫ
«Кейбір республикалық мемлекеттік кәсіпорындарды Алматы қаласының
коммуналдық меншігіне беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 29 наурыздағы № 211 Қаулысы
Осы редакция 2006 ж. 13 маусымдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екінші түріне беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 қаңтардағы № 81 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің «Республика сарайы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны мүліктік кешендер ретінде Алматы қаласының коммуналдық меншігіне берілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті және Алматы қаласының әкімі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағында көрсетілген кәсіпорындарды қабылдап алу-беру жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларын жүзеге асырсын.
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
Редакция документа
Демо – версия документа