Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 19.12.02 Ж. № 1327 ҚАУЛЫСЫ

Халықты және өрт қауiпсiздiгі саласындағы мамандарды хабарландыру, білімдi насихаттау, оқыту ережесін бекіту туралы
 Қазақстан  Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 19 желтоқсандағы № 1327 қаулысы

(2008.18.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Осы редакция 2013 жылғы 3 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Өрт қауiпсiздiгi туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 22 қарашадағы Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:

1. Қоса берiлiп отырған Халықты және өрт қауiпсiздiгi саласындағы мамандарды хабарландыру, білімдi насихаттау, оқыту ережесi бекітілсiн.

2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

И.Тасмағамбетов

 

ҚР Үкіметінің 2005.30.06 ж. № 662 қаулысымен  Ереже  өзгертілді (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2008.18.11. № 1068 қаулысымен  мәтін өзгертілді (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң

2002 жылғы 19 желтоқсандағы

№ 1327 қаулысымен бекiтілген

 

 

Халықты және өрт қауiпсiздiгi саласындағы мамандарды хабарландыру, білімдi насихаттау, оқыту

ЕРЕЖЕСI

1. Осы Ереже Халықты және өрт қауiпсiздiгi саласындағы мамандарды хабарландыру, білімдi насихаттау, оқыту тәртібін белгiлейдi.

2. Ұйымдар қызметiнiң өрттердiң алдын алу және оларды жою жөніндегі қауiпсiздiкке, салдарларға, шараларға қажеттi өрт қаупiнiң дәрежесi мен ықтимал дәрежесi туралы ақпарат ашық, жариялық болып табылады және бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

3. Халыққа қауiп төндiретiн өрт туындаған кезде  мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары 24 сағаттың iшiнде бұқаралық ақпарат құралдарын хабардар етедi, соңғысы болған оқиға туралы ресми хабарды жариялайды не эфирге шығарады.

4. Өрт ошағына жақын аудандарға қауiп төнген жағдайда,  мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары жергiлiктi атқарушы органдармен өзара iс-қимыл жасай отырып, өрт туралы ақпарат жинауды ұйымдастырады және бұл туралы 10 сағаттан кешiктiрмей халыққа хабардар етедi.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку