Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2005.27.09 № 953 ҚАУЛЫСЫ

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң «Фитохимия институты» республикалық мемлекеттік қазыналық
 кәсiпорнын қайта ұйымдастыру туралы
 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 27 қыркүйектегі № 953 Қаулысы

 

Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Отандық фармацевтикалық өнiмнiң инвестициялық және өндiрiстiк әлеуетiн дамыту, экспортқа бағдарлануы мен бәсекеге қабiлеттілiгiн арттыру үшін жағдай жасау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Қазақстан Республикасы Білiм және ғылым министрлігінiң «Фитохимия институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Фитохимия» ғылыми-өндiрiстік орталығы» акционерлік қоғамы (бұдан әрi - Қоғам) болып қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.

2. Қоғам қызметiнiң негiзгi мәнi мыналар болып белгiленсiн:

1) олардың негiзiнде жаңа материалдар мен препараттар алу үшiн табиғи, оның iшiнде өсiмдiк шикiзатын зерделеу;

2) халықаралық стандарттар талаптарына сәйкес келетін дәрілiк препараттарды шығару бойынша ғылымды қажетсiнетiн технологиялар мен техниканы жасау жөнiнде ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарды жүргізу және оларды өндiріске енгізу.

3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендіру комитетi Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен бiрлесіп, заңнамада белгiленген тәртiппен:

1) Қоғамның Жарғысын бекiтудi;

2) Қоғамды Қазақстан Республикасының әділет органдарында  мемлекеттік тiркеудi;

3) Қоғам акцияларының мемлекеттік пакетiн иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасы Білiм және ғылым министрлігіне берудi;

4) осы қаулыны iске асыру жөнiнде өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсiн.

4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д. Ахметов

 

Қазақстан Республикасы

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку