(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2005.20.09 № 928 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 қыркүйектегі № 928 Қаулысы
Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтыру бекітілсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Үкіметінiң
2005 жылғы 20 қыркүйектегі
№ 928 қаулысымен
Бекiтілген
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешімдерiне
енгізілетін өзгерістер мен толықтыру
1. «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тiзбесi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесiнде:
«Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі» деген бөлiмде:
реттік нөмірі 415-29-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«415-29 «Қазқайтажаңарту» республикалық мемлекеттік кәсiпорны (шаруашылық жүргiзу құқығында) Алматы қаласы».
2. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншiктiң түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
1) «Астана қаласы» деген бөлiм:
мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 21-65-жолмен толықтырылсын:
«21-65 «Казахстанская правда» республикалық газетi» АҚ»;
Редакция документа
Демо – версия документа