(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2005.13.08. № 843 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң «Үлгі-тәжiрибелiк орман көшеттiгi» шаруашылық жүргiзу құқығындағы
республикалық мемлекеттік кәсiпорнын қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 13 тамыздағы № 843 Қаулысы
Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң «Үлгi-тәжiрибелiк орман көшеттiгi» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсiпорны жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Орман көшеттiгi» акционерлік қоғамы (бұдан әрi - Қоғам) етiп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Қоғам қызметiнiң негiзгi мәнi:
1) жерсiндiрiлген сүректi және бұталы тұқымдардың екпе көшеттерi мен тiкпе көшеттерiнiң кең тараған түрлерiн өсiру және сату;
2) инновациялық жобаларды енгізу саласындағы ғылыми-техникалық бағдарламаларды әзiрлеу және енгізу;
3) отырғызу материалдарын өсiрудiң прогрессивтi, ғылыми негiзделген технологияларын, өндiрiстi кешендi механикаландыру негiзiнде қазiргi заманғы өнiмдiлiгi жоғары технологиялық құралдар мен машиналар жүйесiн, машина-трактор паркiн және басқа да энергетикалық жабдықты пайдаланудың неғұрлым жетiлдiрілген әдiстерiн енгізу болып белгiленсiн.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен бiрлесiп, белгіленген тәртiппен:
1) Қоғамның жарғысын бекiтудi және оның әдiлет органдарында мемлекеттік тiркелуiн;
2) Қоғам акцияларының мемлекеттік пакетiн иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне берудi;
3) осы қаулыны iске асыру жөніндегі өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсiн.
4. Қоса берілiп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар бекітілсiн.
5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Редакция документа
Демо – версия документа