«Республикалық бюджет жобасын әзірлеу ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2009 жылғы 26 тамыздағы № 861 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2013 жылғы 7 қазандағы № 663 Жарлығы (күші жойылды)
Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
«Республикалық бюджет жобасын әзірлеу ережелерін бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2009 жылғы 26 тамыздағы № 861 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы
ҚР Президентінің 2018 жылғы 5 мамырдағы № 681 Жарлығымен күші жойылды
Қаулы етемін:
1. «Республикалық бюджет жобасын әзірлеу ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 26 тамыздағы № 861 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 36, 342-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген Жарлықпен бекітілген Республикалық бюджет жобасын әзірлеу қағидалары осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Президентi |
Н. НАЗАРБАЕВ |
Астана, Ақорда, 2013 жылғы қазанның 7-і.
№ 663
Қазақстан Республикасы Президентiнiң
2013 жылғы 7 қазандағы
№ 663 Жарлығынақосымша
Қазақстан Республикасы Президентiнiң
2009 жылғы 26 тамыздағы
№ 861 Жарлығымен бекiтiлген
Республикалық бюджет жобасын әзiрлеу
ҚАҒИДАЛАРЫ
1. Жалпы ережелер
1. Республикалық бюджет жобасын әзiрлеудің осы қағидалары (бұдан әрi - Қағидалар) 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiне сәйкес әзiрлендi және республикалық бюджет жобасын әзiрлеу тәртiбiн айқындайды.
2. Республикалық бюджет жобасын әзiрлеу процесі мынадай кезеңдердi:
1) Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық даму болжамының жобасын әзірлеуді және оны Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мақұлдауын;
2) орталық мемлекеттiк органдардың стратегиялық жоспарларының жобаларын немесе стратегиялық жоспарларына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын, стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын, бюджеттiк өтiнiмдердi әзiрлеуді және оларды Республикалық бюджет комиссиясының қарауын;
3) республикалық бюджет туралы заң жобасын әзiрлеудi қамтиды.
Документ утратил силу
Демо – версия документа