Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2004 Ж. 31 ТАМЫЗДАҒЫ № 921 ҚАУЛЫСЫ

Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі «Салааралық ақпарат ғылыми-техникалық орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының кейбір мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 тамыздағы № 921 қаулысы

(2004.26.11. берілген өзгерістермен)

 

Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң «Салааралық ақпарат ғылыми-техникалық орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрi - Орталық) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң қарамағына берiлсiн.

2. Орталықтың мемлекеттік басқару органы болып Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі белгiленсiн.

3. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен:

1) Орталықтың жарғысын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетiне бекітуге ұсынсын;

2) Орталықты әдiлет органдарында мемлекеттік қайта тiркеудi қамтамасыз етсiн;

3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

4. Қоса берiліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар бекітілсiн.

5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

 

 

 

 

 

Д. Ахметов

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2004 жылғы 31 тамыздағы № 921 қаулысымен

бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешiмдерiне енгiзiлетін

өзгерістер мен толықтырулар

1. «Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат):

көрсетiлген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тiзбесiнде:

«Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі» деген бөлiмде реттiк нөмiрi 527-жол алынып тасталсын;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку