Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 03.08.04 Ж. № 829 ҚАУЛЫСЫ

Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінiң «С. Сейфуллин атындағы Қазақ мемлекеттік агротехникалық университетi» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсiпорнын құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 тамыздағы № 829 Қаулысы

(2005.04.04. берілген өзгерістермен)

 

Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік кәсiпорын туралы» 1995 жылғы 19 маусымдағы № 2335 заң күшi бар Жарлығының 4-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінiң «С. Сейфуллин атындағы Қазақ мемлекеттік агротехникалық университетi» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) құрылсын.

2. Кәсiпорын қызметiнiң негiзгi мәнi жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк білімдi мамандар даярлау және қайта даярлау болып белгiленсiн.

3. ҚР  Үкіметінің 2005 ж. 4 сәуірдегі № 300 Қаулысымен алып тасталды  (бұр. ред . қара)

4. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен:

1) Кәсiпорынның жарғысын бекітудi және оны әдiлет органдарында мемлекеттік тіркеудi қамтамасыз етсiн;

2) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетiмен бiрлесiп, «С. Сейфуллин атындағы Қазақ аграрлық университетi» ашық акционерлік қоғамын (бұдан әрi - Қоғам) тарату және кредиторлардың талаптарын қанағаттандырғаннан кейiн қалған оның мүлкін Кәсiпорынға беру жөнiнде қажеттi шаралар қабылдасын;

3) таратылатын Қоғамның білiм алушыларының оқу жылын аяқтауы және оларды Кәсiпорынға ауыстыру үшiн шаралар қабылдасын;

4) осы қаулыны iске асыру жөніндегі өзге де шараларды қабылдасын.

5. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн толықтырулар мен өзгерістер бекітілсін.

6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку