Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 25.06.04 Ж. № 703 ҚАУЛЫСЫ

Инфекцияға қарсы жаңа препараттар жасаудың кейбір мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 25 маусымдағы № 703 қаулысы

(2009.19.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Отандық фармацевтика өнеркәсiбiн дамытуды ғылыми-техникалық қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса берiлiп отырған «2004-2007 жылдарға арналған инфекцияға қарсы жаңа препараттарды әзiрлеу» ғылыми-техникалық бағдарламасы бекітілсiн.

2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң «Инфекцияға қарсы препараттар ғылыми орталығы» (бұдан әрi - Орталық) шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсiпорны құрылсын.

3. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі құрылатын Орталықтың мемлекеттік басқару органы болып белгiленсiн.

4. Орталық қызметiнiң негізгi мәнi денсаулық сақтау саласында ғылыми және өндiрiстiк-шаруашылық қызметтi жүзеге асыру болып белгiленсiн.

ҚР Үкіметінің 14.09.04 ж. № 964 қаулысымен 4-1-тармақпен толықтырылды

4-1. Қазақстан Республикасының Білiм және ғылым министрлігіне табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтпеген шығыстарға 2004 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң резервiнен 164200000 (жүз алпыс төрт миллион екi жүз мың) теңге бөлсiн, оның iшiнде 9200000 (тоғыз миллион екi жүз мың) теңге Орталықтың жарғылық капиталын қалыптастыруға, 155000000 (жүз елу бес миллион) теңге «2004-2007 жылдарға арналған «Инфекцияға қарсы жаңа препараттар әзiрлеу» ғылыми-техникалық бағдарламасын (бұдан әрi - Бағдарлама) iске асыруға.

ҚР Үкіметінің 14.09.04 ж. № 964 қаулысымен 4-2-тармақпен толықтырылды

4-2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасы Үкіметінiң резервiнен бөлiнген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку