(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2003 Ж. 10 ҚЫРКҮЙЕКТЕГІ № 1257 ҚАУЛЫСЫ
Республикалық микроорганизмдер коллекциясының кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 10 желтоқсандағы № 1257 қаулысы
Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дәрілік қоспаларды биологиялық зерттеулердің орталық зертханасы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Республикалық микроорганизмдер коллекциясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі Кәсіпорын) болып қайта аталсын.
2. Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні ғылым саласындағы өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру болып белгіленсін.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Кәсіпорын Жарғысының бекітілуін қамтамасыз етсін;
2) «Қазақстан Республикасының Биотехнология жөніндегі ұлттық орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны мүлігінің қосымшаға сәйкес бөлігін Кәсіпорынға берсін.
4. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) әділет органдарында Кәсіпорынның мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
Редакция документа
Демо – версия документа