(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 13.12.02 Ж. № 1309 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң кейбір республикалық мемлекеттік кәсiпорындарының мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 13 желтоқсандағы № 1309 қаулысы
Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорындары қосу жолымен 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсiпорындары болып қайта ұйымдастырылсын.
2. Қайта құру жолымен:
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң «Қостанай ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң «Солтүстiк-батыс ауыл шаруашылығы ғылыми-өндiрiстiк орталығы» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсiпорны болып;
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң «Қазақ балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң «Балық шаруашылығы ғылыми-өндiрiстiк орталығы» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсiпорны болып;
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң «Қазақ экономика және агроөнеркәсiп кешенiн ұйымдастыру ғылыми-зерттеу институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң «Агроөнеркәсiп кешенi экономикасы және ауылдық аумақтарды дамыту ғылыми-зерттеу институты» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсiпорны болып қайта ұйымдастырылсын.
3. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі құрылатын республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың мемлекеттік басқару органы болып белгiленсiн.
Редакция документа
Демо – версия документа