Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 06.09.02 Ж. № 984 ҚАУЛЫСЫ

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетi» республикалық мемлекеттік кәсiпорнының мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 6 қыркүйектегі № 984 қаулысы

(2008.07.02. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік кәсiпорын туралы» 1995 жылғы 19 маусымдағы № 2335 Заң күшi бар Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетi» республикалық мемлекеттік кәсiпорнына:

1) Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетiнiң жанындағы Жаңа химиялық технологиялар және материалдар ғылыми-зерттеу институты;

Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетiнiң жанындағы Механика және математика ғылыми-зерттеу институты;

Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетiнiң жанындағы Биология және биотехнология проблемалары ғылыми-зерттеу институты;

Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетiнiң жанындағы Экология проблемалары ғылыми-зерттеу институты;

Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетiнiң Физика-химиялық талдау әдiстерiнiң орталығы мемлекеттік мекемелерiн;

2) «Қазақстан Республикасы Білім министрлігінiң Жану проблемалары институты» шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттік кәсiпорнын қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.

2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетi» республикалық мемлекеттік кәсiпорнына Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген тәртіппен қосымшаға сәйкес еншiлес мемлекеттік кәсiпорындар құруға рұқсат етiлсiн.

3. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку