(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2002 Ж. 28 МАУСЫМДАҒЫ № 704 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң қызметiне байланысты жекелеген мәселелер
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 28 маусымдағы № 704 қаулысы
(2004.29.10. берілген өзгерістермен толықтырулармен)
Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң қарауында болған республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорындар (бұдан әрi Кәсiпорындар) қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң қарауына берiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Кәсiпорындарды мемлекеттік басқару органы болып белгiленсiн.
3. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) Кәсiпорындардың жарғыларын бекiтудi және олардың әдiлет органдарында мемлекеттік қайта тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
4. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Yкіметінiң бұрын қабылданған шешiмдерiн осы қаулыға сәйкестендiру туралы ұсыныстар енгiзсiн.
5. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар бекітілсiн.
6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов |
Yкіметінiң 2002 жылғы
28 маусымдағы № 704
қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң
қарауына берiлетiн республикалық мемлекеттік қазыналық
кәсiпорындарының тiзбесi
ҚР Үкіметінің 29.10.02 ж. № 1148 қаулысымен тізбе толықтырылды
1. Қазақ ауыл шаруашылығы техникасын пайдалану Ақмола облысы,
және жөндеу технологиялық ғылыми-зерттеу Алексеевка қаласы
институты
Редакция документа
Демо – версия документа