Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 26.01.02 Ж. № 127 ҚАУЛЫСЫ

Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі Құрылыс істері жөніндегі комитетінің «Сәулет-қала құрылысы қызметін лицензиялайтын мемлекеттік орталық (Мемқұрылыслицензия)»республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 26 қаңтардағы № 127 қаулысы
(2006.16.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

ҚР Үкіметінің 06.10.04 ж. № 1029 қаулысымен тақырыбы өзгерді (бұр. ред. қара)

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі Құрылыс істері жөніндегі комитетінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Сәулет-қала құрылысы қызметін лицензиялайтын мемлекеттік орталық (Мемқұрылыслицензия)»республикалық мемлекеттік кәсіпорны және оның еншілес кәсіпорындары жарғылық капиталына мемлекеттің жүз пайыз қатысуымен «Құрылысконсалтинг» ұлттық орталығы» жабық акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қоғам) етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) Қоғамның жарғысын бекітсін;

2) Қоғамның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

ҚР Үкіметінің 06.10.04 ж. № 1029 қаулысымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

3) оның жарғылық капиталының 51 пайызы мөлшерiндегi Қоғам акцияларының мемлекеттік пакетiнiң бiр бөлiгiн сатуды жүзеге асыру;

4) осы қаулыны іске асыру жөнінде өзге де шараларды қабылдасын.

3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Тоқаев Қ.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2002 жылғы 26 қаңтардағы

№ 127 қаулысымен

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку