(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 15.01.02 Ж. № 51 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Тың мемлекеттік аймақтық машина сынау станциясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 15 қаңтардағы № 51 қаулысы
Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Тың мемлекеттік аймақтық машина сынау станциясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны жарғылық капиталына мемлекеттің жүз пайыз қатысуымен «Тың машина сынау станциясы» ашық акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қоғам) етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Қоғамның жарғысын бекітсін;
2) Қоғамның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
3) осы қаулыны іске асыру жөнінде өзге де шараларды қабылдасын.
3. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Тоқаев Қ. |
Үкіметінің
2002 жылғы 15 қаңтардағы
№ 51 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгеріс пен толықтырулар
Редакция документа
Демо – версия документа