(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2003 Ж. 10 ЖЕЛТОҚСАНДАҒЫ № 1602 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Ақпарат» республикалық мемлекеттік кәсіпорнын және оның еншілес мемлекеттік кәсіпорындарын қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 10 желтоқсандағы № 1602 қаулысы
(2003.20.10. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 20.10.03 ж. № 1062 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді
1. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының шаруашылық жүргiзу құқығындағы «Ақпарат» республикалық мемлекеттік кәсiпорны жарғылық капиталына мемлекеттiң жүз пайыз қатысуымен «Ақпарат» ашық акционерлік қоғамы (бұдан әрi - Қоғам) етiп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
ҚР Үкіметінің 20.10.03 ж. № 1062 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) Қоғамның жарғыcын бекіту кезiнде қызметiнiң негiзгi мәні бұқаралық ақпарат құралдары саласында өндiрiстiк-шаруашылық қызметiн; баспа, полиграфия, жөндеу-құрылыс жұмыстарын жүзеге асыру; жұмыс жағдайын материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетiнiң және прокуратура органдарының ғимараттарын, құрылыстарын, жабдықтарын, инженерлiк желiлерiн, көлiк құралдарын, әлеуметтiк-тұрмыстық мақсаттағы объектiлерiн және өзге мүлiктерiн пайдалану деп белгiлесiн;
2) Қоғамның мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар бекітілсiн.
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д.К. Ахметов |
Yкіметінiң
2001 жылғы 10 желтоқсандағы
№ 1602 қаулысымен
бекітілген
Редакция документа
Демо – версия документа