(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 11.10.01 Ж. № 1313 ҚАУЛЫСЫ
Жекелеген жоғары оқу орындарын қайта атау және акционерлік қоғамдар етіп қайта құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 11 қазандағы № 1313 қаулысы
(2004.28.10. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Ш.Есенов атындағы Ақтау университеті» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны «Ш.Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университеті» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып қайта аталсын.
2. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бір ай мерзімде:
1) Ш.Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетінің жарғысына өзгерістер енгізсін және әділет органдарында қайта тіркеуді қамтамасыз етсін;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Үкіметінің 2001 жылғы 11 қазандағы
№ 1313 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде:
«Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі» деген бөлімде:
реттік нөмірі 470-98-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«470-98 Ш.Есенов атындағы Ақтау
мемлекеттік университеті Ақтау қаласы».
2. ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. № 1111 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
Редакция документа
Демо – версия документа