(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 1999.27.08 № 1264 ҚАУЛЫСЫ
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігінің мекемелерін қайта ұйымдастыру туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 тамыздағы № 1264 Қаулысы
(1999.03.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын бағдарламалардың әкімші-мекемелерінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 25 желтоқсандағы № 1335 қаулысын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігінің мекемелері қоса беріліп отырған Тізбеге сәйкес жаңғырту жолымен республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындар (бұдан әрі - Қазыналық кәсіпорындар) болып қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазыналық кәсіпорындар қызметінің негізгі нысанасы:
1) денсаулық сақтау саласында:
тұрғындарға аурудың алдын алу, түрін анықтау, медициналық және дәрі-дәрмектік көмек көрсету бойынша;
ғылыми зерттеулер жүргізу және олардың нәтижелерін практикаға енгізу бойынша;
азаматтардың салауатты өмір салтын қалыптастыру және ынталандыру бойынша;
2) білім саласында:
жалпы білімдік, кәсіптік және арнайы білімдік бағдарламаларды іске асыруға қатысу бойынша;
ғылыми зерттеулер жүргізу және олардың нәтижелерін практикаға енгізу бойынша;
мемлекеттік жалпыға бірдей білім стандарттарын және білімдік бағдарламаларын, білімді ақпараттандыру әзірлеуге қатысу бойынша;
денсаулық, білім және спорт саласында кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау, оның ішінде жоғары білікті спортшыларды даярлау бойынша өндірістік-шаруашылық қызметін жүзеге асыру деп айқындалсын.
3. Қазыналық кәсіпорындарды мемлекеттік басқару органы, сондай-ақ оларға мемлекеттік меншік құқығы бар субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын орган болып Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі белгіленсін.
Редакция документа
Демо – версия документа