(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 1998.20.04 № 353 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң сәулет-қала құрылысын бақылау мәселелерi жөніндегі кейбір шешiмдерiне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және күшi жойылған деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 ж. 20 сәуірдегі № 353 қаулысы
(2002.19.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының Жоғары және орталық мемлекеттік органдарын Ақмола қаласына көшiру жөніндегі мемлекеттік комиссиясын тарату туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 31 желтоқсандағы № 3811 Жарлығының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң сәулет-қала құрылысын бақылау мәселелерi жөніндегі кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн, қоса берiлiп отырған, өзгерістер мен толықтырулар бекітілсiн.
2. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын:
«Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1995 жылғы 13 қарашадағы № 1520 және 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 28 наурыздағы № 434 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., № 13, 97-құжат);
«Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1995 жылғы 13 қарашадағы № 1520 қаулысына өзгерiс пен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 4 мамырдағы № 702 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., № 18, 160-құжат);
«Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 25 тамыздағы № 1282 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., № 40, 373-құжат).
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
1998 жылғы 20 сәуірдегі
№ 353 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң сәулет-қала құрылысын бақылау мәселелерi жөніндегі кейбір
шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар
Редакция документа
Демо – версия документа