Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ 2012.24.12 № 385 ҚАУЛЫСЫ

Болу қажеттілігі қаржы ұйымдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін заңды тұлғалар үшін ең аз рейтингіні, осы рейтингіні беретін рейтингілік агенттіктер тізбесін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 385 Қаулысы

 

Осы редакция 2013 жылғы 26 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 3 және 13-тармақтарын, 11-1-бабының 14-тармағын, 17-бабының 5-тармағын, 17-1-бабын, 18-бабының 1-тармағын, 20-бабының 13-тармағын, 30-бабының 13-тармағын, 40-бабының 12-тармағын, 44-бабының 5-тармағын, 45-бабының 7-тармағын және 60-бабын, «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабының 1-1-тармағын, 36-1-бабын, 52-бабының 1-2-тармағын, «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 15-1-бабының 6-тармағын, 21-бабының 4-тармағын, 26-бабын, 32-бабының 14-тармағын, 34-бабының 13-тармағын, 44-бабының 6-тармағын, 48-бабының 3 және 9-тармақтарын, 62-бабының 9-тармағын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Мынадай Қазақстан Республикасының резиденті емес - заңды тұлғалар үшін халықаралық шәкіл бойынша Standard & Poors рейтингілік агенттігінің «ВВВ»-дан немесе осы қаулының 3-тармағында көрсетілген рейтингілік агенттіктердің бірі берген ұқсас деңгейдегі рейтингілерінен төмен емес шетел валютасындағы ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі белгіленсін:

банктік немесе сақтандыру холдингі мәртебесін иеленетін (мәртебесіне ие) заңды тұлғалар;

банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, жинақтаушы зейнетақы қорының, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысы мәртебесін иеленетін (мәртебесіне ие) заңды тұлғалар;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку