Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҚҚА БАСҚАРМАСЫНЫҢ 2010.29.11 № 171 ҚАУЛЫСЫ

Сақтандыру портфелін беру ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының
 2010 жылғы 29 қарашадағы № 171 Қаулысы

 

Осы редакция 2013 жылғы 26 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

2000 жылғы 18 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасы (бұдан әрі - Агенттік) ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Сақтандыру портфелін беру ережесіне қоса беріліп отырған қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2. Мыналар:

1) Агенттік Басқармасының 2006 жылғы 25 наурыздағы «Сақтандыру портфелін беру ережесін бекіту туралы» № 86 қаулысының (Нормативті құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4209 тіркелген);

2) Агенттік Басқармасының 2008 жылғы 26 ақпандағы «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 наурыздағы «Сақтандыру портфелін беру ережесін бекіту туралы» № 86 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 22 қаулысының (Нормативті құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5176 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

3. 2012 жылғы 1 қаңтарда енгізілетін осы қаулының қосымшасындағы 9-тармақтың екінші бөлігін қоспағанда, осы қаулы алғаш ресми түрде жарияланған күннен он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

4. Сақтандыру нарығының субъектілерін және басқа қаржы ұйымдарын қадағалау департаментіне (Д.Ш.Қарақұлова):

1) Заң департаментімен (Н.В.Сарсенова) бірігіп, осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуіне қатысты шаралар қабылдасын;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку