Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Бағалы қағаздар нарығының субъектісіне және (немесе) ірі қатысушы белгілеріне ие тұлғаға, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысына шектеулі ықпал ету шараларын қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 26 шілдедегі № 183 Қаулысы (2015.19.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)

Бағалы қағаздар нарығының субъектісіне және (немесе) ірі қатысушы белгілеріне ие тұлғаға, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысына шектеулі ықпал ету шараларын қолдану қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 26 шілдедегі № 183 Қаулысы

(2015.19.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қазандағы № 252 Қаулысымен 2019 ж. 1 қаңтардан бастап күші жойылды

 

«Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Бағалы қағаздар нарығының субъектісіне және (немесе) ірі қатысушы белгілеріне ие тұлғаға, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысына шектеулі ықпал ету шараларын қолдану қағидалары бекітілсін.

2. Мынадай нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп танылсын:

1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Бағалы қағаздар нарығының субъектісіне және (немесе) ірі қатысушы белгілерін иеленуші тұлғаға, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысына шектеулі ықпал ету шараларын қолдану қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 167 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7736 тіркелген, 2012 жылғы 23 тамызда «Егемен Қазақстан» газетінде № 540-545 (27618) жарияланған);

2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне шектеулі ықпал ету шараларын қолдану мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» 2013 жылғы 29 наурыздағы № 79 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8457 тіркелген, 2013 жылғы 2 шілдеде «Заң газеті» газетінде № 96 (2297) жарияланған) 2-тармағы.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции