(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2012.05.09 № 1153 ҚАУЛЫСЫМЕН БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 5 қыркүйектегі
№ 1153 қаулысымен
бекітілген
Осы редакция 2013 жылғы 26 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Электрондық (цифрлық) тахографтар орнатуды жүзеге асыратын сервистік орталықтарының тізбесіне енгізу»
мемлекеттік қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Электрондық (цифрлық) тахографтар орнатуды жүзеге асыратын сервистік орталықтарының тізбесіне енгізу» мемлекеттік қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі халыққа қызмет көрсету орталықтары қызметінің үйлесімі және мемлекеттік қызметті автоматтандыруды бақылау бойынша комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - ХҚО) арқылы Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитеті (бұдан әрі - уәкілетті орган) осы Стандартқа 1 және 2-қосымшаларда көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетеді.
2. Мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі «Автомобиль көлігі туралы» Заңының 9-бабы 3-тармағының 4) тармақшасына «Жүргізушілердің еңбегі мен демалысын ұйымдастыру, және тахографтарды қолдану қағидасы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 мамырдағы № 493 қаулысына (бұдан әрі - Қағида) сәйкес жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат:
1) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында: www.mtс.gov.kz («Көліктік бақылау комитеті» бөлімінің «Мемлекеттік қызметтер» бөлімшесінде);
2) ХҚО интернет-ресурсында: www.con.gov.kz;
3) ХҚО ғимараттарында орнатылған стенділерде;
4) «электрондық үкімет» 1414 call-орталығында орналастырылған.
5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі электрондық (цифрлық) тахографтар (бұдан әрі - бұйрықтың көшірмесі) орнатуды жүзеге асыратын сервистік орталықтар тізбесіне қосу туралы бұйрықтың көшірмесін немесе мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауапты қағаз тасығышта болып табылады.
Редакция документа
Демо – версия документа