«Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1498 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 26 тамыздағы № 850 Қаулысы
«Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1498 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 26 тамыздағы № 850 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1498 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 10-11, 137-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында:
«Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар, іс-шаралар және нәтижелер көрсеткіштері» деген 3-бөлімде:
«Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар, іс-шаралар және нәтижелер көрсеткіштері» деген 1-кіші бөлімде:
«Ұсынылатын ақпараттың сапасын арттыру» деген 1-стратегиялық бағытта:
«е-Статистика» интеграцияланған ақпараттық жүйесін жасау және енгізу арқылы деректердің өңдеу жүйесін дамыту» деген 1.2-мақсатта:
«Ақпараттық жүйелерді әзірлеу, енгізу және дамыту» деген 1.2.1-міндетте:
тікелей нәтижелердің көрсеткіштеріне қол жеткізуге арналған іс-шараларда:
«Мыналарды жасау және енгізу:» деген реттік нөмірі 3-жолда:
мына:
«
| Сыртқы және ішкі интернет-порталын | X | X | X |
|
|
»
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
| сыртқы Интернет-порталын және ішкі Интранет-порталын | X | X | X |
|
|
»;
«Функционалдық міндеттерді дамыту» деген 4-бөлімде:
«Стратегиялық бағытты іске асыру жөніндегі іс-шаралар және мемлекеттік органның мақсаты» деген бағанда:
«Қызметкерлердің біліктілігін арттыру (30 адамнан кем емес)» деген 2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
Демо – версия документа