«Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1498 Қаулысы (2013.31.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1498 Қаулысы
(2013.31.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 62-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары бекітілсін.
2. Осы қаулы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2010 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1498 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған
стратегиялық жоспары
Мазмұны
1. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің миссиясы мен пайымдауы
2. Ағымдағы жағдайды талдау және тиісті қызмет салаларының даму үрдістері
4. Функционалдық мүмкіндіктерді дамыту
5. Ведомствоаралық өзара іс-қимыл
1-бөлім. Миссиясы мен пайымдауы
Миссия - статистика саласында пайдаланушылардың (халық, бизнес, мемлекеттік органдар және халықаралық ұйымдар) сапалы статистикалық ақпаратқа қажеттілігін барынша қанағаттандыруға бағытталған мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру.
Пайымдауы - статистика саласында халықаралық стандарттарға сәйкес келетін және қазіргі заманауи ақпараттық технологияларды қолданатын кәсіби статистикалық қызмет.
2-бөлім. Ағымдағы жағдайды талдау және тиісті қызмет салаларының даму үрдістері
1. Дамудың негізгі параметрлері
Демо – версия документа