(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2011.30.12 № 1676 ҚАУЛЫСЫ
Астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1676 Қаулысы
(2013.23.07. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2013 жылғы 8 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Астық туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы Заңының 5-бабы 13) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2011 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 1676 қаулысымен
бекітілген
Астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу
қағидалары
Осы Астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Астық туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы Заңына сәйкес әзірленді және астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу тәртібін, оның ішінде астық қабылдау кәсіпорындарында астықты қабылдау, өлшеу, тазалау, кептіру, сақтау және тиеп жөнелту жөніндегі операцияларды ресімдеу және есепке алу тәртібін айқындайды.
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) астық иесі - астығын астық қабылдау кәсіпорнына сақтауға берген жеке немесе заңды тұлға;
2) астық партиясы - астық сапасы туралы мәліметтері бар құжаттармен ресімделген, бір жылғы егіннің сапасы бойынша біртекті оқшауланған астық мөлшері;
3) астықтың сандық-сапалық есебі - астық қабылдау кәсіпорнында астықты қабылдау, тазалау, кептіру, сақтау, орнын ауыстыру және тиеп жөнелту процесінде онымен жасалатын барлық операцияларды есепке алу және тіркеу жүйесі;
4) жеке шот - астық қабылдау кәсіпорны әрбір астық иесі, сыныбы және сорты бойынша жеке жүргізетін астықтың сандық-сапалық есебі кітабының құрамдас бөлігі;
Редакция документа
Демо – версия документа