«Банктердің және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген міндеттерін орындауы үшін көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша деректерді беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2013 жылғы 22 маусымдағы № 407 бұйрығы (күші жойылды)
Банктердің және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген міндеттерін орындауы үшін көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша деректерді беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2013 жылғы 22 маусымдағы № 407 бұйрығы
ҚР Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 28 маусымдағы № 388 бұйрығымен күші жойылды
«Жол жүрiсi қауiпсiздiгi туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 15 шiлдедегi № 29 Заңының 7-бабын орындау үшін БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берілген банктердің және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген міндеттерін орындауы үшін көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша деректерді беру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жол полициясы комитеті 2013 жылғы 25 маусымға дейінгі мерзімде банктерге және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға электрондық магнитті ақпарат тасымалдағыштарда бастапқы түсірілім файлын берсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жол полициясы комитетіне жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр полиция генерал-лейтенанты |
Қ. Қасымов |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі төрағасы
Г. Марченко
2013 жылғы «__»__________
Ішкі істер министрінің
2013 жылғы 22 маусымдағы
№ 407 бұйрығымен бекітілді
Банктердің және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың
Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген міндеттерін орындауы үшін көлік
құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша деректерді беру
қағидалары
1. Жалпы ережелер
Документ утратил силу
Демо – версия документа