Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2012.31.10 № 1382 ҚАУЛЫСЫ

Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды дамыту тұжырымдамасын мақұлдау туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 қазандағы № 1382 Қаулысы

(2013.13.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2013 жылғы 8 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды дамыту тұжырымдамасы (бұдан әрі - Тұжырымдама) мақұлдансын.

2. Орталық және жергілікті мемлекеттік органдар Тұжырымдаманы іске асыру жөнінде қажетті шараларды қабылдасын.

3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

С. Ахметов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы 31 қазандағы

№ 1382 қаулысымен

мақұлданған

 

 

Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды дамыту
ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ


1. Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды дамыту пайымы


Кіріспе

 

Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды дамыту тұжырымдамасы (бұдан әрі - Тұжырымдама) әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды (бұдан әрі - ӘКК) одан әрі дамытудың біртұтас және кешенді тәсілін қалыптастыратын және өңірлерде мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтің 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған пайымын, мақсаттары мен негізгі бағыттарын айқындайтын жүйелі құжат болып табылады.

Тұжырымдама мемлекеттік-жеке меншік әріптестік тетігін іске асыру және өңірлердің экономикалық өсуіне жәрдемдесу жолымен ӘКК-лерді орнықты дамытудың бірыңғай тәсілін тұжырымдау мақсатында әзірленген.

Өңірлерді дамытудың пәрменді құралы ретінде ӘКК қызметін жетілдіру қажеттілігі ӘКК одан әрі дамыту тұжырымдамасын әзірлеу үшін негіз болып табылады.

 

 

Қаралып отырған мәселе бойынша шетелдік тәжірибенің болуы

 

Әлемдік тәжірибеде әлеуметтік-экономикалық даму саласындағы жеке меншік және мемлекеттік секторлардың өзара іс-қимыл жасауының әртүрлі схемалары бар.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку