Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Президентінің жанында Шетелдік инвесторлар кеңесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 30 маусымдағы № 3985 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 шілдедегі № 603 Жарлығы

Қазақстан Республикасы Президентінің
 Жарлығы


«Қазақстан Республикасы Президентінің жанында Шетелдік инвесторлар кеңесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 30 маусымдағы № 3985 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы

 

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. «Қазақстан Республикасы Президентінің жанында Шетелдік инвесторлар кеңесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 30 маусымдағы № 3985 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 18, 156-құжат; 2000 ж., № 17, 168-құжат; 2003 ж., № 45, 486-құжат; 2007 ж., № 14, 160-құжат; 2011 ж., № 30, 366-құжат; 2012 ж. № 10, 189-құжат; № 36, 476-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесі туралы ереже осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Президенті

 

Н. Назарбаев

 

Астана, Ақорда, 2013 жылғы шілденің 24-і.

 

№ 603

 

Қазақстан Республикасы

Президентінің

2013 жылғы 24 шілдедегі

№ 603 Жарлығына

ҚОСЫМША

 

Қазақстан Республикасы

Президентінің

1998 жылғы 30 маусымдағы

№ 3985 Жарлығымен

БЕКІТІЛГЕН

 

 

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесі туралы
ЕРЕЖЕ

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Шетелдік инвесторлар кеңесі (бұдан әрі - Кеңес) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

2. Кеңес қызметінің құқықтық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдары, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері, сондай-ақ осы Ереже құрайды.

3. Кеңестің қызметін қамтамасыз етуді Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мен Кеңестің жұмыс органы жүзеге асырады.

4. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Инвестициялар комитеті Кеңестің жұмыс органы (бұдан әрі - Кеңестің жұмыс органы) болып табылады.

 

 

2. Кеңестің негізгі міндеттері

 

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку