(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2007.23.11 № 1125 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасының Үкіметі жанынан Стратегиялық объектілер жөнінде комиссия құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 23 қарашадағы № 1125 Қаулысы
(2013.25.02. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2013 жылғы 2 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 26 маусымдағы Заңының 11-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі жанынан Стратегиялық объектілер жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған:
1) Комиссияның құрамы;
2) Комиссия туралы ереже бекітілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
ҚР Үкіметінің 2008.15.04. № 345 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2008.31.12 № 1327 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2009.25.05 № 767 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2009.18.07 № 1095 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2009.09.12 № 2053 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.18.06. № 612 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.28.12. № 1432 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.24.06. № 705 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.13.01. № 41 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.02.02. № 194 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.30.03. № 402 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.09.10. № 1283 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.25.02. № 178 Қаулысымен (бұр.ред.қара) құрам өзгертілді
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 23 қарашадағы
№ 1125 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Стратегиялық объектілер жөніндегі комиссияның
құрамы
Шварцкопф Илона Альбертовна | - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаментінің директоры, хатшы, |
Сағынтаев Бақытжан Әбдірұлы | - Қазақстан Республикасы Премьер- Министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасының Өңірлік даму министрі, төраға |
Кұсдәулетов Дулат Рашитұлы | - Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі |
Редакция документа
Демо – версия документа