Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2008 ЖЫЛҒЫ 28 АҚПАНДАҒЫ № 203 ҚАУЛЫСЫ

Автокөлік құралдарын техникалық пайдалану ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 ақпандағы № 203 Қаулысы

 

Осы редакция 2013 жылғы 23 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 12-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Автокөлік құралдарын техникалық пайдалану ережесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі мен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі осы қаулыны іске асыру үшін қажетті шараларды қабылдасын.

3. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап үш ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2008 жылғы 28 ақпандағы

№ 203 қаулысымен

Бекітілген

 

Автокөлік құралдарын техникалық пайдалану ережесі

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы Автокөлік құралдарын техникалық пайдалану ережесі (бұдан әрі - Ереже) автокөлік құралдарын қауіпсіз пайдалануды ұйымдастыруға және қамтамасыз етуге бағытталған техникалық әсер ету (диагностикалау, техникалық қызмет көрсету, жөндеу), іс-шаралар кешенін жүргізу тәртібін белгілейді.

2. Ереженің қағидалары Қазақстан Республикасының аумағында автокөлік құралдарын пайдалануды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға қолданылады.

3. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) жарамды жай-күй - автокөлік құралдарының құрастырмасына, параметрлеріне, функционалдық мақсатына және агрегаттарының, тораптарының, бөлшектерінің қасиеттеріне қойылатын нормативтік кесімдер мен конструкторлық құжаттаманың барлық талаптарына сәйкес келетін техникалық жай-күй;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку