(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2008 ЖЫЛҒЫ 27 АҚПАНДАҒЫ № 199 ҚАУЛЫСЫ
«Шырындар мен шырын өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 27 ақпандағы № 199 Қаулысы
Осы редакция 2013 жылғы 23 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы және «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі заңдарын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған «Шырындар мен шырын өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті бекітілсін.
2. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2008 жылғы 27 ақпандағы
№ 199 қаулысымен
Бекітілген
«Шырындар мен шырын өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар»
техникалық регламенті
1. Жалпы ережелер
1. Осы «Шырын және шырын өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті (бұдан әрі - Техникалық регламент) мынадай өнімдерге қолданылады:
жеміс және көкөніс шырындары;
тікелей сығылған шырындар;
қалпына келтірілген шырындар;
қойылтылған шырындар;
құрғақ шырындар;
шірнелер;
құрамында шырыны бар сусындар;
морстар;
қойылтылған морстар;
диффузиялық шырындар;
пюре;
қойылтылған пюре.
2. Техникалық регламент Еуразия экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттердің сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы (ЕурАзЭҚ СЭҚ ТН) 20 «Көкөністер, жемістер, жаңғақтар немесе өсімдіктердің өзге бөліктерінен қайта өңделген өнімдер» тобының, 2009 «Қант немесе басқа да тәттілендіретін заттар қосылған немесе қосылмаған ашымаған және құрамында спирт қосындысы жоқ жеміс шырындары (жүзім суслосын қоса алғанда) және көкөніс шырындары» кіші тобына кіретін өнімдерге қолданылады.
3. Осы Техникалық регламентте мынадай терминдер қолданылады:
Редакция документа
Демо – версия документа