(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2000.04.02. № 167 ҚАУЛЫСЫ
Жұмыс істеп тұрған және салынып жатқан объектілердің энергия үнемдеуіне сараптама жасау ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 4 ақпандағы № 167 қаулысы
(2010.23.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2013 жылғы 23 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Энергия үнемдеу туралы» 1997 жылғы 25 желтоқсандағы» Қазақстан Республикасының Заңын және «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылдың екінші жарты жылдығына және 2000 жылға арналған іс-қимыл бағдарламасын іске асыру жөніндегі шаралар жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 6 тамыздағы № 1108 қаулысын орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қосы беріліп отырған Жұмыс істеп тұрған және салынып жатқан объектілердің энергия үнемдеуіне сараптама жасаудың ережесі бекітілсін.
2. «Мемэнергиясараптама» республикалық мемлекеттік кәсіпорны туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 26 шілдедегі № 1065 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 39, 334-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
3-тармақтың екінші абзацындағы «мемлекеттік» деген сөз алынып тасталсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Үкіметінің 2000 жылғы
4 ақпандағы № 167
қаулысымен бекітілген
Жұмыс істеп тұрған және салынып жатқан
объектілердің энергия үнемдеуіне сараптама жасаудың
ережесі
Осы Ереже экономикалық барлық салаларында энергия үнемдеуге сараптама жүргізудің тәртібін белгілейді, энергия үнемдеу объектілерінің отын-энергетика ресурстарын пайдаланудың тиімділігін бағалау және отын-энергетикалық шығындарды төмендетудің мүмкіндіктерін айқындау мақсатында қорытынды дайындаудың, жүргізудің және берудің сабақтастығын реттейді.
1. Энергия үнемдеуге сараптама республиканың аумағында ұйымдардың отын-энергетикалық ресурстарды пайдаланудың тиімділігін бағалау және оны арттырудың мүмкіндіктерін айқындау мақсатында жүргізіледі.
Редакция документа
Демо – версия документа