(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 198 Ж. 11 НАУРЫЗДАҒЫ № 198 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасында жүргiзiлетiн, басталған, жалғастырылып жатқан
және аяқталған мемлекеттік құпиялардан тұратын мәлiметтерi бар
ғылыми-зерттеу, тәжiрибе-конструкторлық және жобалау-технологиялық
жұмыстарды мемлекеттік тiркеудiң тәртібін бекіту туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 11 наурыздағы № 198 қаулысы
(2005.20.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2013 жылғы 23 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 31.08.04 ж. № 921 қаулысымен тақырыбы мен мәтіні өзгерілді (бұр. ред. қара)
"Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және ғылыми-техникалық ақпарат алмасуды, елдiң ғылыми-техникалық әлеуетiнiң жай-күйiн талдауды ұйымдастыру Қазақстан Республикасында жүргiзiлетiн ғылыми-зерттеу, тәжiрибе-конструкторлық және жобалау-технологиялық жұмыстардың негiзiнде арнаулы ақпарат қорларын құру, зерттеулер мен әзiрленiмдердiң қайталануын болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасында жүргiзiлетiн, басталған, жалғастырылып жатқан және аяқталған мемлекеттік құпиялардан тұратын мәлiметтерi бар ғылыми-зерттеу, тәжiрибе-конструкторлық және жобалау-технологиялық жұмыстарды мемлекеттік тiркеудiң тәртібі (бұдан әрi - Тәртiп) бекітілсiн.
2. Қазақстан Республикасының Ғылым министрлігі - Ғылым академиясы бір ай мерзiм iшiнде Тәртiптi iске асыру үшiн қажеттi нұсқаулық-әдiстемелiк құжаттарды әзiрлесiн және бекiтсiн, мемлекеттік құпиялардан тұратын мәлiметтерi бар ғылыми-зерттеу, тәжiрибе-конструкторлық және жобалау-технологиялық жұмыстар туралы ақпараттық құжаттардың мемлекеттік қорын құруды және орындаушы-ұйымдардың жүргiзiлiп жатқан және аяқталған мемлекеттік құпиялардан тұратын мәлiметтерi бар ғылыми-зерттеу, тәжiрибе-конструкторлық және жобалау-технологиялық жұмыстар туралы мәлiметтердi уақтылы ұсынуына бақылау жасауды қамтамасыз етсiн.
Редакция документа
Демо – версия документа