(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2003 Ж. 9 ЖЕЛТОҚСАНДАҒЫ № 1251 ҚАУЛЫСЫ
Халықаралық гуманитарлық, құқық пен адам құқықтары бойынша халықаралық шарттар жөніндегi ведомствоаралық комиссия құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 9 желтоқсандағы № 1251 қаулысы
(2010.22.02. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2013 жылғы 16 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Халықаралық гуманитарлық құқық пен адам құқықтары бойынша халықаралық шарттар саласында Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттар шеңберінде қабылданған халықаралық құқықтық міндеттемелердi iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Халықаралық гуманитарлық құқық пен адам құқықтары бойынша халықаралық шарттар жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі Комиссия) құрылсын.
2. Қоса берiліп отырған:
1) Комиссияның құрамы;
2) Комиссия туралы ереже бекітілсiн.
3. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
1) «Халықаралық гуманитарлық құқық жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 1 желтоқсандағы № 1794 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 52-53, 591-құжат);
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 1 желтоқсандағы № 1794 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 14 маусымдағы № 645 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 17, 188-құжат).
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
міндетін атқарушы
ҚР Үкіметінің 21.12.04 ж. № 1337 қаулысымен құрам өзгерді (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2007.01.10. № 861 қаулысымен құрам жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2008.20.06. № 597 қаулысымен құрам өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2010.22.02. № 106 Қаулысымен құрам жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 9 желтоқсандағы
Редакция документа
Демо – версия документа