«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің м.а. 2013 жылғы 28 маусымдағы № 197 бұйрығы (2016.17.06. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің м.а. 2013 жылғы 28 маусымдағы № 197 бұйрығы
(2016.17.06. берілген өзгерістермен)
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022 жылғы 12 қыркүйектегі № 320/НҚ бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Ресубликасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 8-бабының 7) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің құнын айқындау әдістемесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Мемлекеттік басқару жүйесін дамыту департаменті (А.А. Құдайбергеноваға) бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарына ресми жариялауға жолдануын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің вице-министрі М.Е. Әбілқасымоваға жүктелсін.
4. Осы бұйрық ресми жариялауға жатады және мемлекеттік тіркелген күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министрдің міндетін атқарушы |
М. Құсайынов |
Экономика және бюджеттік
жоспарлау министрінің
міндетін атқарушының
2013 жылғы 28 маусымдағы
№ 197 бұйрығымен бекітілді
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет құнын анықтау
әдістемесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің құнын анықтау әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) қызмет көрсетушілер көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау үшін қолданылады.
2. Осы Әдістемеде мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:
Документ утратил силу
Демо – версия документа