(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2010.14.04 № 308 ҚАУЛЫСЫ
Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі бірыңғай үйлестіру кеңесін құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 308 Қаулысы
(2012.13.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2013 жылғы 10 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Жеке кәсіпкерлікті қолдау және дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес құрамда Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі бірыңғай үйлестіру кеңесі құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі бірыңғай үйлестіру кеңесі туралы ереже бекітілсін.
3. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
ҚР Үкіметінің 2011.24.06. № 705 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.13.01. № 41 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.26.03. № 353 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.24.07. № 965 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.13.11. № 1445 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-қосымша өзгертілді
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 14 сәуірдегі
№ 308 қаулысына
1-қосымша
Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі бірыңғай үйлестіру кеңесінің
құрамы
Ахметов Серік Нығметұлы
| - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, төраға |
Көшербаев Қырымбек Елеуұлы
| - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төрағаның орынбасары |
Шөкеев Өмірзақ Естайұлы | - «Самұрық-Қазына» үлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы (келісім бойынша)
|
Орынбаев Ербол Тұрмаханұлы
| - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төрағаның орынбасары
|
Исекешев Әсет Өрентайұлы | - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрі;
|
Редакция документа
Демо – версия документа