(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ 2011.31.01 № 3 ҚАУЛЫСЫ
Екінші деңгейдегі банктердегі, ипотекалық ұйымдардағы және «Қазақстан Даму Банкі» акционерлік қоғамындағы бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 3 Қаулысы
(2011.26.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2013 жылғы 25 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 6-тармағының 1) тармақшасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Екінші деңгейдегі банктердегі, ипотекалық ұйымдардағы және «Қазақстан Даму Банкі» акционерлік қоғамындағы бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспары бекітілсін.
2. Осы қаулы 2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
3. Осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының осы қаулының қосымшасына сәйкес қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
4. Бухгалтерлік есеп департаменті (Шалғымбаева Н.Т.):
1) Заң департаментімен (Өртембаев А.Қ.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
2) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізген күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне және аумақтық филиалдарына, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігіне, «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігіне, екінші деңгейдегі банктерге, ипотекалық ұйымдарға және «Қазақстан Даму Банкі» акционерлік қоғамына жіберсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Д.Т. Ғалиеваға жүктелсін.
Ұлттық Банк Төрағасы |
Г. Марченко |
Редакция документа
Демо – версия документа