(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) 2008.20.10 № 70-IV ҚРЗ
Қазақстан Республикасының
Заңы
Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы
(2010.14.06. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2013 жылғы 3 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Түпнұсқада мазмұны жоқ
Осы Заң Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік ұлттық саясатты іске асыруға, қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге, мемлекеттік және қоғамның азаматтық институттарының этносаралық қатынастар саласындағы өзара іс-қимылының тиімділігін арттыруға бағытталған Қазақстан халқы Ассамблеясының мәртебесін, оны қалыптастыру мен жұмысын ұйымдастыру тәртібін айқындайды.
1-бап. Қазақстан халқы Ассамблеясының құқықтық мәртебесі
1. Қазақстан халқы Ассамблеясы (бұдан әрі - Ассамблея) - заңды тұлға құрылмай, Қазақстан Республикасының Президенті құратын, мемлекеттік ұлттық саясатты әзірлеуге және іске асыруға ықпал ететін мекеме.
2. Ассамблея өз қызметін Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында жүзеге асырады.
3. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ассамблеялары - облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) әкімдері жанындағы заңды тұлға құрылмай, қызметін Ассамблея үйлестіретін мекемелер.
2-бап. Қазақстан Республикасының Ассамблея туралы заңнамасы
1. Ассамблея туралы заңнама Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
Редакция документа
Демо – версия документа